презентация Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Не себепті мұхиттарды Дүниежүзілік мұхит дeп атайды?
Мұхиттардың суы ішуге жарамды ма?
Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды Мұхит дейміз. Дүниежүзі мұхиттарын материктер төртке бөліп жатыр. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхит.
Жер бетінің 1/3 бөлігін Тынық мұхиты алып жатыр. Мұхиттар арасында ауданы, көлемі жағынан ең үлкені және ең тереңі. Бір ғана Тынық мұхитқа барлық материктерді
аралдарымен қосып немесе Атлант және Үнді мұхитын қосып сыйғызуға болады. Оның батыс бөлігінде Мұхиттардың ең терең жері - Мариан шұңғымасы орналасқан, тереңдігі 11022 метр. Орташа тереңдігі 4000 метр. Аралдар санының көптігі жағынан Тынық мұхит бірінші орынды алады. Басқа мұхиттармен салыстырғанда ең жылы әрі ең үлкен мұхит. Экватор маңында судың беткі температурасы +26°С, +29°С, поляр маңында - 0, 5°С, орташа температурасы Атлант және Үнді мұхитына қарағанда 2°С жоғары. Тынық мұхит суларында ұзындығы 30 метрге жететін кит, 15 метрге жететін акулалар және өсімдіктердің алуан түрлері кездеседі. Әсіресе балдырлар көп, олардың ішінде ұзындығы 60 метрге жететін қоңыр балдырлар өседі. Мұхиттың көлік қатынасындағы рөлі үлкен. Су үстімен дүниежүзілік көлік қатынасының жолдары өтеді.
Тынық мұхитынан кейінгі үлкені Атлант мұхиты. Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан мұхит немесе солтүстік және оңтүстік поляр облыстарын жалғастырушы мұхит. Ең терең жері - Пуэрто - Рико (- 8742 м) шұңғымасы. Дүние жүзінің көптеген өзендері Атлант мұхитына келіп құяды. Балық ресурсы мол яғни дүниежүзілік балық аулаудың 40%- ы тиесілі. Балық аулау кәсібімен 115 мемлекет айналысады.
- Анализ справочных правовых систем
- Речевая деятельность
- 25 000 тысяч шагов к здоровью или движение - это жизнь
- Психологические особенности профессионального прогнозирования
- Рабочая программа по родному языку 10-11 классы
- "Системно-деятельностный подход как методологическая основа реализации ФГОС нового поколения"
- Профстандарт и творчество
- Дидактическая игра
- Деление отрезков и окружностей на равные части
- Модель организации педагогической деятельности в объединениях по интересам социально-педагогического и культурно-досугового профилей
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Жаңабергенова Л. А. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Презентации» // URL: http://xn--80ablbaanka7beun6ae4de9e.xn--p1ai/other/varia/file/9881-zhanartaular-ysty-b-la-tar-gejzerler-6-synyp (дата обращения: 23.02.2025)