Жасөспірім ұғымындағы отбасы бейнесі" курстық жұмыс

Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды.

Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады. Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жасөспірім шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тамағы, еңбек, спорт. Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір заңдылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді.

Этот материал скачали 6 раз. Автор: Рыскулова Гульсим Сейлбековна
Жамбыл орта мектебінің педагог-психологы
Дата публикации: 22.01.2015
Публикация в сети: 2015-01-22
Просмотр материала на Яндекс Диске
Сохранить в соцсети