презентация А Л Г Е Б Р А и Г Е О М Е Т Р И Я
Білімділігі: Оқушылардың алгебралық өрнектер туралы түсініктерін қалыптастыру, алгебралық өрнектер құру және оның сандық мәнін таба білуге үйрету. Алгебралық өрнекті санды өрнектен ажыратып, алгебралық өрнектің қабылдайтын мәндерін, қандай сан алгебралық өрнектің мәні деп аталатынын, қандай өрнек алгебралық қосынды деп аталатынын толығымен түсініп, алгебралық өрнектерді жазуды, алгебралық өрнектің мәнін табуды үйренесіңдер.
Дамытушылығы: Осы тақырып бойынша білімдерін өмірде, әртүрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгерту.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: топпен және жеке, ойын арқылы оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, оқулық.
Алгебралық өрнектер: сабақ жоспары
Әдістемелік әзірлеме 7-сынып оқушыларына алгебралық өрнектерді енгізуге және олардың сандық мәнін табуға бағытталған. Сабақтың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және математикалық тілді меңгерту.
Сабақтың негізгі кезеңдері:
- Өткен тақырыптарды қайталау және теориялық білімдерін тексеру;
- Алгебралық және сандық өрнектердің айырмашылығын талдау;
- Интерактивті тақтамен жұмыс және ауызша жаттығулар;
- Жаңа тақырыпты бекіту сұрақтары мен үй тапсырмасы.
Презентация топтық және жеке жұмыс әдістерін қамтиды, бұл сыныптағы белсенділікті арттырады. Материал мұғалімге сабақты жүйелі әрі қызықты өткізуге мүмкіндік береді. Көрнекіліктер мен слайдтар оқушыларға өрнектерді құрастыруды және олардың қабылдайтын мәндерін анықтауды тез түсінуге көмектеседі, алгебраның базалық ұғымдарын қалыптастырады.
- Решение систем линейных уравнений
- Повторение курса алгебры 7 класса
- Основное свойство дроби
- График функции
- Алгебраическая дробь
- Накрест лежащие, соответственные и односторонние углы, образованные при пересечении параллельных прямых секущей
- Продуктивное использование современных образовательных технологий при достижении цели и реализации задач профессиональной деятельности учителя математики
- Информационно-коммуникационные технологии на уроках математики
- Статистика в моем классе
- План-конспект
Выходные данные (библиографическая ссылка):
Муратова Р. Д. А Л Г Е Б Р А и Г Е О М Е Т Р И Я // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Учебные презентации» // URL: https://xn--80ablbaanka7beun6ae4de9e.xn--p1ai/prezentatsii-po-matematike/7-klass/file/14074-a-l-g-e-b-r-a-i-g-e-o-m-e-t-r-i-ya (дата обращения: 04.09.2026)