Формирование устной и письменной речи на уроках казахского языка
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілін оқитын оқушы өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылуы нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет. Оқушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін, оқытудың өзіндік тәсілдері мен амалдары, жолдары бар. Орыс тілінде оқытылатын мектептерде оқушылардың сөйлесу тілін дамыту айтылым және жазылым арқылы екі түрлі бағытта іс жүзіне асырылады. Осы уақытқа дейін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жүмыстары басымырақ болып келді. Ал қазір тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсс жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында мемлекеттік тілдің қолдану өрісі кеңейіп,іс қағаздары қазақша жүргізіліп жатқанда, мемлекттік тілде тек ауызекі сөйлеумен шектелудің жеткіліксіз екені айқын байқалуда. Сондықтан ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге арта түсуде, өйткені адам өз ойын жазбаша, сауатты, әдеби-көркем тілде жеткізе білгенде ғана, тілді толық меңгерген болып саналады. Бүл нәтижеге жетуде көптеген жазылым (жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері) жұмыстары жүргізлуге қажет. Бұл жерде қазақ тілі пәні мүғалімінің өзіне қойылып отырған жауапкершілікті түсінуі, шығармашылықпен жүмыс істеуі керек екенін сезінуі ти
Этот файл скачали 7 раз. Автор: Таткенова Гульбану Хайдаровна
Школа-лицей №2 города Костанай
Дата публикации: 11.01.2016
Публикация в сети: 2016-01-11