Автор: Октаубаева Атина Джакпековна, учитель казахского языка и литературы
Тақырыбы Етістіктен өткенді қайталау
Мақсаты 1.Білімділік Етістіктен алған білімдерін бекіту, тиянақтау.
2. Жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың практикалық дағдысын қалыптастыру, теориялық білімін арттыру, тіл байлығын , ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тілге қызығушылығын арттыру
3.Оқушыларды өз елін, жерін сүюге, құрметтеуге, ана тілін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі топтық,талдау, топтастыру, сұрақ-жауап
Сабақтың типі қайталау сабағы
Сабақтың түрі
Көрнекілігі
Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу. Балалар, бүгін біздің сабаққа қонақтар келіп отыр.
Біз бүгін білім үшін жарысалық,
Білмегенді білуге тырысалық.
Ұстаздарға иіліп сәлем беріп,
Ықыласпен сабақты біз басталық.
Ә) Сендер алдын-ала 2 топқа бөлінгенсіңдер. Топ басшылары ------- ,----- таныстыру, 2 топ білімдерімізді сынасамыз. Бір-бірімізге қандай тілектер айтар едіңдер
«Бес болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Көңіліміз жақсы боп,
Өсе берсін санамыз».
Б) Балалар, бүгінгі сабағамаздың эпиграфы «Сәтті болып ісіміз, жетістікке жетейік».
В) Дәптерге ай, күнді жазу
2. Қай сөз артық? Оқушыларға (мәселелі жағдай арқылы, через проблемные ситуации) сөздер беріледі. Мектеп, қалам, оқушы, айт, терезе, әнші.
- Мына сөздерден не байқадыңдар, қай сөз артық?
- Артық сөз: айт – етістік, қалған сөздер зат есімдер.
- Қалай дәлелдедіңдер?
- Сұрақ қойдық. Зат есімдер- кім? Не? Етістік- не істе?
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы екен?
- Етістік туралы
Иә, олай болса,
Қояйық мақсат сабаққа
Бәрімізге тиімді
Етістікті қайталап,
Көрсетейік білімді.
Оқушылар өздері сабаққа мақсат қояды.
-Етістікті қайталаймыз,
-Негізгі, туынды етістіктер,
-жұрнақтарын еске түсіреміз
-Етістіктен алған білімімізді көрсетеміз, тиянақтаймыз. Сұрақтар қою
-Етістік дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
-Сөз табы дегеніміз не?
-Осы сөз таптарын тексеретін саланы тіл білімінде не дейміз?
-Тұлғасына қарай етістік нешеге бөлінеді? (негізгі, туынды)
-Құрамына қарай етістік нешеге бөлінеді?
-Іс-әрекеттің орындалуына қарай етістік нешеге бөлінеді?(болымды, болымсыз)
Слайд. Кесте бойынша топтастыру(кластер)
3) Үй жұмысын тексеру. Мақал-мәтелдерден етістіктерге әр түрлі талдау жасау мақсатымен сендерге жұппен орындауға тапсырмалар берілген.
4)Топпен жұмыс. Талдау- табыс кілті демекші осы еске түсірген білімдеріңді 2 топ іс жүзінде зерттеу жұмысын орындап көрсетесіңдер.
Өзіміздің жерлес ақынымыз Әпузә Әміреқызының 2 шумақ өлеңіне талдау жұмыс жасаймыз. Әпузә Әміреқызы туралы не білесіңдер?
-Әпузә Әміреқызы 1937 жылы Ақталда туған, 77 жаста
-әнші, Әжелер ансамблінің мүшесі
-30 жыл кітапханада жұмыс істеген, депутат болған.
Талдаудың мақсаты 1.Өлеңді мәнерлеп оқып шығып, не туралы екенін айтамыз. 2.Етістіктерді тауып, тұлғасына(құрамына) қарай талдаймыз.
Алтайдың биік-биік таулары бар,
Жайылған тау беткейлеп малдары бар.
Қазақтың қанға біткен қасиеті,
Ірімшік, құрт пенен май дәндері бар.
Қалайша ұмытамыз туған жерді,
Қалайша ұмытамыз өскен елді.
Жау тұсы мұғалім жоқ оқытатын,
Хат таныған адамдар білім берді.
Береке-бірлік болды аулымызда,
Біреуді біреу тартып баурымызға.
Аман болып жау-жардан аспан асты,
Болмасын еш жамандық халқымызда.
5) Сергіту сәті Хан талапай ойыны
Асықпен ойналатын ойынның бір түрі- Хан талапай. Ойынды үлкендердің басшылығымен жас балалар ойнайды. Ойынға қатысушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты Хан талапй деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты – жылдамдыққа тәрбиелеу, нерв жүйелерін шыңдау, қабілеттерін жетілдіру.
6)Слайд Шығармашылық тапсырма Туған жерге деген махаббатымызды көрсету үшін, ойлау қабілетімізді, шығармашылқ қабілетімізді дамыту мақсаттарымен Туған жер туралы өлең жолдарын құрап көрейік.
6)слайд 8-22. Жеке жқмыс, өз бетттерімен орындайды. Шығармашылық тапсырма. Туған жерге деген махаббатымызды көрсету үшін, ойлау қабілетімізді, шығармашылық қабілетімізді дамыту мақсаттарымен «Болмасаң да ұқсап бақ!»-деп Абай атамыз айтпақшы «Туған жер» туралы өлең жолдарын құрап көрейік.
7) 23 слайд. «Кім білімді?»
Мақалдан етістіктерге сатылай кешенді талдау жасау, мақалдың мағынасын түсіну мақсатымен жұппен орындауға тапсырма.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Туған
- Сөз табы-етістік болмас
- Тұлғасына қарай- туынды, жұрнағы –ған туынды
- Құрамына қарай –дара -ма,-с
- Сұрағы – қандай? Дара
- Сөйлемде анықтауыш. Не етпес?
Баяндауыш
8. сабақты қорытындылау
Сабағымыздың эпиграфына қайта оралайық, «Сәтті болып ісіміз, жетістікке жеттік»,- деп ойлаймын.
Етістіктің қандай қажеті бар? (Оқушылардың жауабы)
9. Әр топ басшылары өз тобының жұмысын бағалайды.